Фин технологиялары Маңғыстауда бейімделеді: ACTON FLOW пен Econet ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Маңғыстау облысы мен Финляндия елінің компаниялары арасында бірқатар келісім жасалды
Маңғыстау облысы мен Финляндия елінің компаниялары арасында бірқатар келісім жасалды
Бүгін, 1 сәуір күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен маңғыстаулық және финляндиялық компаниялар арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Екіжақты кездесуде маңғыстаулық “ACTON FLOW” және финляндиялық “Econet Ltd” компаниялары арасында Маңғыстау облысында су тазарту жабдықтары мен технологияларын жергілікті өндіріс жағдайына бейімдеу, сондай-ақ сервис қызметтерін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық меморандумы бекітілді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі